AML ережесі не үшін керек
Mostbet ақша аударымына арналған сервис емес. Ережеге сәйкес аккаунт тек ставка жасау мен ұтыс алу үшін ашылады. Ақшаны бір шоттан екіншісіне аударуға, оны ойнамай сақтауға және ставкаға қатысы жоқ кез келген қаржы операциясын жасауға тыйым салынған. AML ережелері мыналардың алдын алады:
- қылмыстық жолмен алынған ақшаны букмекер шоты арқылы заңдастыру;
- ұрланған немесе бөтен карталар мен төлем әдістерін пайдалану;
- жалған не бөтен құжатпен тіркелу;
- бонустарды бірнеше аккаунт арқылы жинау.
Осы мақсатта Mostbet құжат сұрауға, транзакцияны тексеруге, ақша шығаруды кідіртуге, операциядан бас тартуға, аккаунтты шектеуге не жабуға және күдікті операция туралы тиісті органдарға хабарлауға құқылы. Талаптар тек ірі ойыншыларға емес, барлық клиентке қолданылады.
Біздің сайт ақша қабылдамайды. Mostbet KZ Гид — тәуелсіз ақпараттық сайт: мұнда тіркелу, депозит, ставка немесе құжат жіберу жоқ. Барлық төлем мен тексеру Mostbet-тің өз сайтында, оператор мен ойыншы арасында жүреді. Біз ешқашан құжат, карта деректерін немесе ақша сұрамаймыз.
Құқықтық негіз: Кюрасао лицензиясы және Қазақстан заңы
Mostbet-ті Bizbon N.V. компаниясы басқарады, ол Кюрасао ойын органының лицензиясымен жұмыс істейді. Оператор тексеру тәсілін лицензиялық талаптарға, комплаенс пен реттеуші органдардың талабына және ішкі тәуекелді бағалауға сүйеніп таңдайды. Mostbet ережелерінде жеке «Anti-Money Laundering Policy» бөлімі бар; бұл бет тіркелу, депозит, ақша шығару және бонус туралы бөлімдердегі нақты тармақтарға негізделген. Ережелердің заңды күші бар нұсқасы — ағылшынша мәтін.
Mostbet-те ҚР лицензиясы жоқ, сондықтан ол қазақстандық реттеу жүйесінің бөлігі емес. Бірақ сіздің картаңыз бен шотыңызға қызмет көрсететін қазақстандық банк төлемді өз ережесімен тексереді және офшорлық букмекерге төлемді өткізбеуі мүмкін.
Ереже қай әрекеттерге қолданылады
AML мен KYC талаптары аккаунттың бүкіл өміріне қолданылады:
- тіркелу және жеке деректерді өзгерту;
- депозит салу және жаңа төлем әдісін қосу;
- ақша шығару, әсіресе алғашқы шығару мен ірі сомалар;
- бонустар, фрибеттер мен акциялар;
- карта, банк шоты, электрондық әмиян және криптовалюта сияқты барлық төлем әдістері;
- ойнау үшін пайдаланылмайтын немесе тексерудегі аккаунттар.
KYC: жеке басты растау
KYC (Know Your Customer) — клиенттің кім екенін, жасын, мекенжайын және төлем әдісі өзіне тиесілі екенін растау. Mostbet ережесі бұл жерде нақты: клиенттің жеке басы расталмайынша ақша шығару өтінімі өңделмейді.
Тексеру қашан сұралады
- алғашқы ақша шығарар алдында — міндетті түрде;
- тіркелу кезінде — кейбір жағдайда бейневерификация сұралады;
- депозит кезінде — жеке басыңызды, жасыңызды, орналасқан жеріңізді, қаражат көзін не төлем қабілетіңізді растайтын дәлел жеткіліксіз болса, оператор транзакциядан бас тарта алады;
- күдікті әрекет байқалғанда немесе комплаенс пен реттеуші органдар талап еткенде;
- €2 000 және одан жоғары ұтыс түскенде.
Яғни тексеру бір реттік рәсім емес: оператор оны аккаунттың кез келген кезеңінде қайта сұрай алады.
Қандай құжаттар сұралуы мүмкін
| Құжат | Не үшін |
|---|---|
| Жеке куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігі | Жеке бас пен жасты растау |
| Банк картасының екі жағының фотосы | Картаның иесін растау: алғашқы 6 және соңғы 4 цифр мен иесінің аты көрінуі керек, артқы жақтағы CVV жабық болуы тиіс |
| Төлем әдісінің иесі екеніңізді растайтын құжат | Әмиян, шот не басқа әдіс сізге тиесілі екенін көрсету |
| Бейневерификация | Құжаттағы адам мен аккаунт иесінің бір адам екенін тексеру |
| Нотариус куәландырған жеке басты растау | Күшейтілген тексеру кезінде |
| Қаражат көзі мен табыс көзі туралы құжаттар | Ақшаның шыққан тегін растау |
| Саяси мәртебе туралы құжаттар | Жария лауазымды тұлға екеніңізді не емес екеніңізді анықтау |
Оператор қажет деп тапса, кез келген қосымша құжатты сұрауға құқылы, ал ұсынылған дәлелдің жеткілікті екенін өзі шешеді. Верификация бойынша Mostbet-тің мекенжайы — id@mostbet.com.
Құжатқа қойылатын талаптар
Құжат жарамды, анық оқылатын, өңделмеген және аккаунт иесінің атына берілген болуы керек. Тіркелгендегі аты-жөн, туған күн мен мекенжай құжатпен сәйкес келуі тиіс. Тіркелгенде жалған дерек берген адамнан ставка қабылданбайды, ал жалған, өзгертілген немесе бөтен құжат аккаунтты жабуға негіз болады.
Жасты тексеру
Mostbet-тің жалпы ережесі бойынша клиент кемінде 18 жаста болуы керек, ал тұрғылықты елдің заңы жоғары шек қойса, сол шек қолданылады. Қазақстанда ставка жасауға 21 жастан рұқсат етіледі. Оператор жасты растайтын жарамды құжат сұрап, қосымша тексеру жүргізуге құқылы.
Бейневерификацияны келісілген уақытта немесе автоматты жүйеде белгіленген мерзімде өтпеген клиентті тіркеуден бас тартуға, барлық ұтысын жоюға және аккаунтын қалпына келтіру құқығынсыз жабуға болады. Кәмелетке толмағандарды қорғау тәсілдері жауапты ойын бетінде жазылған.
Қаражат көзі мен табыс көзі
Бұл екі ұғым әртүрлі. Қаражат көзі (source of funds) — нақты депозитке салынған ақшаның қайдан келгені: жалақы, кәсіпкерлік табыс, жинақ, мүлік сату. Табыс көзі (source of wealth) — адамның жалпы ауқаты қалай жиналғаны: ұзақ жылғы еңбек табысы, мұра, инвестиция.
Ереже бойынша мұндай құжаттар күдікті әрекет кезінде, комплаенс не реттеуші органдардың талабымен немесе шығару өтінімін өңдеу барысында сұралады. Нақты сома шегі ережеде көрсетілмеген. Дәлел ретінде әдетте банктік үзінді көшірме, жалақы туралы анықтама немесе мүлікті сату шарты беріледі; нақты тізімді оператордың сұрауынан қараңыз.
Клиент ставканы өз ақшасымен жасайтынына кепілдік береді және депозит үшін үшінші тұлғадан ақша алмауға міндеттенеді. Дәлел берілмесе немесе жеткіліксіз деп танылса, Mostbet депозиттен бас тартуға, ақша шығаруды тоқтатуға немесе аккаунтты жабуға құқылы.
Күшейтілген тексеру және PEP
Стандартты KYC жеткіліксіз болғанда Mostbet тереңдетілген тексеруге көше алады. Ережеде оның құралдары аталған: бейневерификация, нотариус куәландырған жеке басты растау, қаражат пен табыс көзінің дәлелі, саяси мәртебе туралы құжаттар. Алғашқы ұтысты банк аударымымен төлеу де тексеру тәсілі ретінде көрсетілген: оператор оны лицензиялық талаптар мен ішкі тәуекелді бағалауға сүйеніп қолданады.
Жария лауазымды тұлғалар (PEP)
PEP (politically exposed person) — маңызды мемлекеттік не саяси лауазым атқаратын немесе бұрын атқарған адам. Халықаралық AML тәжірибесінде олардың туыстары мен жақын серіктері де жоғары тәуекел тобына жатады, ал PEP мәртебесі тереңдетілген тексеруге негіз болады. Mostbet саяси мәртебе туралы құжат сұрауға құқылы. Ескеріңіз: Қазақстанда 2024 жылғы заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге ставка жасауға тыйым салынған.
Төлем әдісіне қойылатын талаптар
- Тек өз әдісіңіз. Депозит пен шығаруға тек заңды түрде өзіңізге тиесілі карта, банк шоты не әмиян жарайды. Бөтен адамның, соның ішінде отбасы мүшесінің картасын пайдалануға болмайды.
- Шығару — депозит салған әдіспен. Ақша депозит түскен дәл сол әдіске қайтарылады. Деректер сәйкес келмесе, оператор өтінімнен бас тарта алады. Бұл мүмкін болмаса, Mostbet шығару әдісін өзі таңдайды немесе басқа әдісті және оның сізге тиесілі екенінің дәлелін сұрайды.
- Аккаунтқа бөтен адамды жібермеу. Депозит салу не ақша шығару үшін де үшінші тұлғаға аккаунтқа қолжетімділік беруге тыйым салынған.
- Комиссия. Төлем жүйелерінің комиссиясын клиент төлейді; оператор оны өз шешімімен өтеуі мүмкін.
- Шот — банк емес. Депозитке пайыз есептелмейді, ал ставкаға айналдырылмаған ақшаны шығару шарты төмендегі x1 айналым бөлімінде жазылған.
Қазақстандағы ойыншыға қандай әдістер қолжетімді екені, Kaspi мен Halyk неге кепілдендірілмейтіні төлемдер бетінде талданған.
Депозитті x1 айналдыру ережесі
Ақша шығармас бұрын депозит сомасын кемінде бір рет ставкаға айналдыру керек. Бұл ереже «салдым да шығардым» схемасын жабады: ойынсыз шот арқылы өткен ақша — ақшаны жылыстатудың белгілі белгісі.
Айналымға коэффициенті 1.3 және одан жоғары есептелген спорт ставкалары, сондай-ақ минималды деңгейден жоғары тәуекелмен жасалған казино мен live-казино ставкалары есептеледі. Есептелмейтіндер:
- фрибеттер, промокодпен және бустермен жасалған ставкалар;
- бонус балансынан жасалған ставкалар мен cash-out ставкалары;
- тең нәтижемен аяқталған, жойылған, қайтарылған және қабылданбаған ставкалар;
- бір оқиғаның бірнеше нәтижесіне қатар қойылған ставкалар;
- рулетка, баккара, сүйек, покер сияқты ойындардағы қарама-қарсы немесе тәуекелі ең аз ставкалар.
Шарт орындалмаса, Mostbet ақша шығарудан бас тартуға немесе өтінімге 20%-ға дейін әкімшілік комиссия салуға құқылы.
€2 000 және одан жоғары ұтысты тексеру
€2 000-ға тең не одан асатын ұтыс (басқа валютада — баламасы) ережеде «ірі ұтыс» деп аталады. Ол шотқа Mostbet пен оның серіктестері ұтыстың адал жолмен алынғанын бірлесіп тексерген соң ғана есептеледі.
- ұтыс тексеру аяқталмай тұрып шотқа түссе де, тексеру біткенше оны шығаруға болмайды;
- тексеру ұтысты негізсіз деп тапса, ол шоттан алынып тасталады;
- ірі ұтысты шығару лимиттері әр клиентке жеке белгіленеді.
| Шектеу | Ереже бойынша |
|---|---|
| Ең аз шығару | €20 немесе баламасы |
| Күніне | €5 000-ға дейін |
| Аптасына | €15 000-ға дейін |
| Айына | €50 000-ға дейін |
| Өңдеу мерзімі (бағдар) | €1 000-ға дейін — 72 сағатқа дейін; одан көп — 7 жұмыс күніне дейін |
Сомалар ережеде еуромен берілген, теңге шотында олардың баламасы қолданылады. Оператор лимиттерді біржақты өзгерте алады, ал мерзімдер тек бағдар: жеке бас расталмайынша өтінім өңделмейді.
Тыйым салынған әрекеттер
- аккаунтты ақша аудару, ақша сақтау немесе ставкаға қатысы жоқ операциялар үшін пайдалану;
- ойнамай депозит салып, оны шығаруға тырысу;
- бөтен немесе ұрланған картаны, бөтен шотты не әмиянды пайдалану;
- үшінші тұлғаның ақшасымен не оның пайдасына ставка жасау;
- жалған, өзгертілген немесе бөтен құжат ұсыну;
- заңсыз жолмен табылған ақшамен ойнау;
- валюта бағамының ауытқуын пайдаланып пайда табу;
- бірнеше аккаунт ашу және бонусты теріс пайдалану.
Ойнамай депозит салу мен бағамды пайдалану үшін оператор комиссия ұстауға, аккаунтты тоқтатып, жабуға құқылы.
Бір адамға — бір аккаунт
Әр клиентке тек бір аккаунт рұқсат етілген. Аккаунтты басқа адам, отбасы, пошталық не IP-мекенжай, e-mail немесе құрылғы арқылы қайталауға болмайды: негізгіден басқа аккаунттың бәрі қайталама саналады. Бірнеше аккаунты бар адамнан ставка қабылданбайды, ал бұрын Mostbet жапқан аккаунттың иесі қайта тіркеле алмайды. Тіркелу тәртібі тіркелу және кіру бетінде сипатталған.
Тыйым салынған елдер және бұғаттауды айналып өту
Mostbet ережесінде қызмет көрсетілмейтін елдердің тізімі бар: Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Нидерланды, Испания, Австралия, Израиль, Сингапур және басқалар, сондай-ақ FATF «қара тізіміндегі» барлық елдер. Осы елдердің банк карталары мен төлем қызметтерін пайдаланатын адамдардан да ставка қабылданбайды.
Қазақстан бұл тізімде жоқ. Бірақ ережеде тағы бір тармақ бар: клиент Mostbet қызметін пайдалану заңсыз саналатын елде тұрса немесе сол елден кірсе, оператор оның аккаунтын дереу жабуға құқылы. Қазақстанда 2024 жылдан бері ҚР лицензиясы жоқ букмекерлерге тыйым салынған, ал реттеуші мұндай сайттарды бұғаттайды.
Біз бұғаттауды айналып өтуге, VPN, прокси немесе айна сайттарды қолдануға кеңес бермейміз. Орналасқан жерді жасыру ережедегі шынайы дерек беру талабына да қайшы келеді.
Криптовалютамен төлеу
Mostbet сайтының төменгі бөлігінде Bitcoin логотипі бар, ал сыртқы дереккөздер BTC мен USDT сияқты монеталарды атайды. Қазақстандағы аккаунтта қандай монета қолжетімді екенін кассадан тексеріңіз.
Біз оқыған ереже бөлімдерінде криптовалютаға арналған бөлек AML тармағы жоқ, сондықтан жалпы талаптар қолданылады: әмиян сізге тиесілі болуы керек, ақша депозит түскен әдіске шығарылады, оператор қаражат көзін сұрай алады. Криптовалюта анонимдік бермейді: шығару алдындағы KYC бұл жағдайда да міндетті.
Бонус, алаяқтық және ақшаны жылыстату
Бонустар да AML бақылауында. Бонусты бір аккаунт, бір үй, бір мекенжай, бір телефон нөмірі, ортақ компьютер және ортақ IP-мекенжай бір рет қана ала алады. Бірнеше аккаунт арқылы бонус жинау — теріс пайдаланудың ең жиі түрі.
- бонусты теріс пайдаланған клиенттің немесе клиенттер тобының барлық ұтысы жойылып, аккаунты жабылуы мүмкін;
- акция ережесі бойынша алаяқтық не ақшаны жылыстату анықталса, ойыншы сыйлық алу құқығынан айырылады, акцияға қатысуы тоқтатылады;
- шотта белсенді бонус болса, ставканың ең жоғары және ең төменгі мөлшеріне шек қойылуы мүмкін, оны бұзған ставка жойылады;
- «бонус ақшасы» деп белгіленген қаражат шығаруға жатпайды.
Вейджер, мерзім және бонус кезіндегі шығару ережесі бонустар бетінде толық талданған.
Аккаунтты шектеу және органдарға хабарлау
Күдікті әрекет анықталса, Mostbet мына шараларды қолдана алады:
- күдікті транзакцияны бұғаттау немесе одан бас тарту;
- қосымша құжат сұрау;
- ақша шығаруды тексеру біткенше тоқтату;
- бонустарды жою және ұтыстың күшін жою;
- аккаунтты уақытша тоқтату;
- аккаунтты түбегейлі жабу, соның ішінде қалпына келтіру құқығынсыз.
Оператордың күдікті транзакцияларды бұғаттап, тиісті органдарға хабарлау құқығы ережеде тікелей жазылған. Халықаралық AML тәжірибесінде оператор мұндай хабарлама туралы немесе ішкі тексерудің мазмұны туралы ойыншыға айтпауы мүмкін. Шектеулер тексеру аяқталып, сұралған ақпарат берілгенге дейін сақталуы мүмкін.
Құжаттарды сақтау және құпиялылық
Mostbet-ке жіберілген құжаттар мен төлем деректерін оператор өз құпиялылық саясаты бойынша өңдейді. Сақтау мерзімі мен деректер берілетін тараптар біз оқыған ереже бөлімдерінде нақты көрсетілмеген, оларды Mostbet сайтындағы Privacy Policy құжатынан тексеріңіз. Ережеде ірі ұтысты тексеруге оператордың серіктестері қатысатыны жазылған.
Біздің сайтта қандай техникалық деректер өңделетіні құпиялылық саясатымызда жазылған.
Ойыншының міндеттері
- тіркелгенде шынайы аты-жөнді, туған күнді, мекенжайды және байланыс деректерін көрсету;
- тек өз құжатыңызды және өз төлем әдісіңізді пайдалану;
- деректер өзгерсе, оларды профильде не қолдау қызметі арқылы жаңарту;
- тексеру сұрауына уақытында жауап беру, карта фотосында CVV кодын жабу;
- шотқа қате ұтыс түссе, ол туралы операторға дереу e-mail арқылы хабарлау: ондай сома оператордың меншігі болып қалады;
- салықты өз бетінше төлеу: офшорлық сайтта салықты ешкім ұстап қалмайды, нақты мөлшерлемені салық кеңесшісінен немесе kgd.gov.kz-тен тексеріңіз.
Тексеру бойынша кімге жүгіну керек
Құжат, ақша шығарудың кешігуі немесе аккаунттың бұғатталуы туралы сұрақты тек Mostbet шеше алады:
- сайттағы және қосымшадағы live-чат (оператордың мәлімдеуінше, тәулік бойы жұмыс істейді);
- қолдау қызметінің Telegram-боты;
- id@mostbet.com — верификация мәселелері бойынша.
Mostbet-те телефон желісі жоқ. Шағым сайттағы арнайы форма арқылы беріледі: оператор бір апта ішінде оны алғанын растап, 4 апта ішінде жауап беруге тырысады, ерекше жағдайда мерзім тағы 4 аптаға ұзаруы мүмкін. Ішкі тәртіп нәтиже бермесе, кемінде €1 000 болатын даулар тәуелсіз ADR органына берілуі мүмкін.
Бет қалай жаңартылады
Mostbet өз ережелерін кез келген уақытта өзгерте алады, ал клиент оларды мезгіл-мезгіл өзі тексеруге міндетті. Біз бұл бетті ереженің ағылшынша нұсқасымен салыстырып, өзгеріс байқалғанда жаңартамыз. Соңғы жаңарту күні беттің жоғарғы жағында тұр.
AML мен KYC туралы сұрақтар
Неге KYC-ден өту керек?
Mostbet ережесі бойынша жеке бас расталмайынша ақша шығару өтінімі өңделмейді. Тексеру сіздің кім екеніңізді, жасыңызды, мекенжайыңызды және төлем әдісі өзіңізге тиесілі екенін растайды. Бұл бөтен картамен ойнауға, жалған құжатпен тіркелуге және шот арқылы күмәнді ақша өткізуге жол бермейді. Тексеруді алғашқы шығаруды күтпей, ертерек өткен ыңғайлы.
Ақша шығару неге кешігуі мүмкін?
Себептер әртүрлі: KYC аяқталмаған, төлем әдісінің иесі расталмаған, депозит x1 айналдырылмаған, ұтыс €2 000-нан асып, қосымша тексеруге түскен немесе оператор күдікті әрекетті тексеріп жатыр. Ережедегі 72 сағат пен 7 жұмыс күні тек бағдар, тексеру кезінде мерзім ұзаруы мүмкін. Себебін live-чаттан сұрап, ID нөміріңіз бен өтінім күнін бірден көрсетіңіз.
Жұбайымның немесе досымның картасын пайдалануға бола ма?
Жоқ. Ереже бойынша депозит пен шығаруға тек заңды түрде өзіңізге тиесілі төлем әдісі жарайды. Бөтен картамен салынған депозит транзакциядан бас тартуға, шығарудың тоқтатылуына және аккаунттың жабылуына әкелуі мүмкін. Үшінші тұлғаның ақшасымен ставка жасауға да тыйым салынған. Бұл тыйым жұбайыңызға, ата-анаңызға және басқа отбасы мүшелеріне де қатысты.
Тексеруден бас тартсам не болады?
Құжат берілмесе, Mostbet ақша шығаруды өңдемейді, транзакциядан бас тарта алады немесе аккаунтты жабады. Бейневерификацияны белгіленген мерзімде өтпеген клиенттің ұтысы жойылып, аккаунты қалпына келтіру құқығынсыз жабылуы мүмкін. Тексеруден бас тартып, ойынды әрі қарай жалғастыру мүмкін емес. Құжатты дайындауға уақыт керек болса, бұл туралы қолдау қызметіне алдын ала жазыңыз.
Mostbet аккаунтты AML себебімен жаба ала ма?
Иә. Ақшаны жылыстату күдігі, бөтен төлем әдісі, жалған құжат, бірнеше аккаунт немесе ойынсыз депозит анықталса, оператор аккаунтты жабуға, ұтысты жоюға және бонус пен акция сыйлығынан айыруға құқылы. Күдікті транзакциялар туралы оператор тиісті органдарға хабарлай алады. Бұрын Mostbet жапқан аккаунттың иесі қайта тіркеле алмайды.
Бұл сайтқа құжат жіберу керек пе?
Жоқ. Mostbet KZ Гид — ақпараттық сайт, біз ақша, құжат немесе карта деректерін қабылдамаймыз. Біздің атымыздан құжат сұраған хат келсе, оған жауап бермеңіз. Верификация тек Mostbet-тің өз сайтында, қосымшасында немесе id@mostbet.com арқылы өтеді. Mostbet-ке карта фотосын жібергенде де CVV кодын жабыңыз.